
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үшінші тұлғалардың сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды пайдалануының заңдылығына қатысты, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің түсіндіруіне сәйкес пайдалану құқығын растайтын құжатта және өтініш берушінің үшінші тұлғаларға сәйкестігін бағалау туралы құжатта құжаттардың атауы мен деректемелері (нөмірі, күні) көрсетіледі.
Декларацияны қабылдаған тұлға тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың (ЕЭК-тің 2016 жылғы 15 қарашадағы №154 "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №293 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің 8-тармағына сәйкес) көшірмелерін жасайды, оларды дистрибьюторлар, жеткізушілер, сатушылар пайдалана алады.
Көшірмелер А4 форматындағы ақ қағаз парақтарында ресімделеді, декларацияны қабылдаған адамның мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) және көрсетілген адамның немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының қолымен (уәкілеттік берілген құжаттың атауы мен деректемелерін көрсете отырып) расталады.