Семинар кеңесті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Балахметова Айгүл Самиғоллақызы ашты. Өз сөзінде салық заңнамасында 2014 жылдың 1 қантарынан бастап әлеуметтік салада жұмыс жасайтын мекемелердің салықтық есептіліктерін тапсырудағы енгізілген өзгерістер туралы таныстырды, корпоративтік табыс салығының № 100.00 нысандағы салық есептігін толтыру ережелерін слайдтар көрсету арқылы түсіндірулер жүргізілді.
Семинар кеңеске балабақшалардың, техникалықжәне, оқу кәсіби аумақта, медициналық мекеме жалпы орта білім беретін мектептердің есепшілері қатысты.
Қойылған сұрақтарға, № 100.00 нысандағы салық есептігін толтыру барысында нақты жауаптар берілді.
Семинарды қорытындай келе, Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Балахметова Айгүл Самиғоллақызы салық төлеушілерге семинарға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді
Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы