
Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 2014 жылдың қортындысымен және 2015 жылдың күні бүгінге дейінгі мерзімде жасалған жұмыстар бойынша брифинг өткізілді.
Брифингті Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Қайдашева ашып атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Баяндамашы өз сөзінде Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2014 жылғы Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу барсы және қазіргі уақытта электронды шот-фактураны қолданысқа енгізілуі туралы тоқталды. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша 296 салық төлеушіге практикалық көмектер көрсетіліп электронды шот –фактураға ауыстырылып тіркелгендігін атай келіп бұл салада әліде тұрақты түрде түсінік жұмыстары жүргізілуде екенін атып көрсетті.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша құн салығы бойынша, кеден одағы шеңберіндегі жанама салықтарды төлеу, сондайақ өсімпұл мен айыппұлды шегеру туралы енгізілген өзгерістер туралы тоқталып өтті.
Қазіргі уақытта салық төлеушілердің 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін есептеліп, 2014 жылдың 1 қазанына дейін төленбей келген өсімпұлмен, айыппұлдарды нақтылап, салықтөлеушілердің дербес шоттарынан шегеру туралы жұмыстар жүргізілуде.
Республикадан тыс жерлердегі мүліктерді жекешелендіру барысы туралы ерекше тоқталып өтті. Бұл жұмыстар 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілетіндігін айта келіп, бұл шара жалпыға бірдей табыстарды декларациялаудың алдындағы маңызды шара екендігін көрсетті. Бұл шараның негізінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, және көлеңкелі экономиканы жоюдың басты шаралары екенін атай келіп, жүргізіліп жатқан шаралар бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ақпарат құралдары арқылы, әртүрлі роликтер арқылы, экрандық көріністер арқылы тұрғындарды ұдайы хабардар етіп отырады.
Бұдан басқада баяндамашы мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеттерінің бірі бюджетке салықтық төлемдердің толық көлемде түсуін бақылауға алып отырады. Бұл бағытта салық төлеушілерге камералдық бақылау жүргізу арқылы салық төлеуден жалтарғандарды, сондайақ жалған кәсіпкерлікпен айналысқан салық төлеушілерді анықтап отырады. Сондай-ақ салық төлеушілердің арасында заңсыз түрде тіркелгендер, жасалған кәсіпкерліктерінің заңсыз екендіктерін анықтап соттың шешімімен оларды тіркеуін бұздыру болып танылады.
Жергілікті салықтарды әкімшілендіру барысына да біршама жұмыстар жасғандығына тоқтала келіп 2014 жылы жергілікті сот орындаушылармен және ішкі істер департаментінің мемлекеттік автоинспекторларының «Ураган» программалық қамтуын пайдалана отырып төрт рет рейдтік шаралар өткізіліп көп мөлшерде салықтан жалтарғандар анықталып, сондай ақ соттың бұйрығын орындамағандар анықталды.
Орал қаласы әкімдігімен бірлесе отырып және «Жас Отан» жастар қанатының қатысуымен жоғары оқу орындарының студенттерін пайдалана отырып салықтан жалтарғандардың тізімі жасалып, тұрғылықты үйлерінің алдында салықтық берешектері көрсетіліп ілінді.
Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы қалалық әкімдіктің қолдауымен және Кіші бизнес орталығы ассоциациясымен бірлесе отырып, жыл сайын «тұтынушы чек талап ет» акциясын өткізіп отырады.
Брифинг барысында баяндамашыға шаруа қожалықтары туралы өзгерістер, акциздік өнімдерді өткізу барсы туралы өзгерістерге қатысты сұрақтар қойылып нақты жауаптар берілді.
Брифингтің соңында мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Қайдашева қатысушыларға сондай - ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы