
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлағандай, 2021 жылғы 23 сәуірден бастап eSalyq Azamat Салық әмияны мобильді қосымшасында реквизиттерді өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеу сервисі іске асырылды. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады.
Сервис жеке тұлғаларға төлеудің келесі реквизиттерін өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеуге мүмкіндік береді: бюджеттік сыныптама коды (БСК), төлемнің мақсат коды (ТМК), мемлекеттік кірістер органының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының коды (МКО/ЖӨБ), сомалар.
«Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарының салығы сияқты негізгі салықтармен қатар, кәсіпкерлік қызметінің салықтарын, кеден төлемдерін, мемлекеттік баж, алымдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар, жекешелендіру, жер сатудан төлемдер және т.б. төлеу мүмкіндігі берілді», - деп хабарлады МКК-де.