
Жүргізілген кедендік әкімшілендіруді цифрландыру және жаңғырту шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 15 қыркүйектен бастап "электрондық декларациялау орталығы" пилоттық жобасын (ЭДО) іске қосты.
Пилоттық жобаның мақсаты тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде Комитеттің құрылымдық бөлімшесі деңгейінде Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды барынша орталықтандыру арқылы кедендік әкімшілендіру деңгейін арттыру болып табылады.
ЭДО-да ресімдеудің артықшылықтары мыналар болып табылады: тауарлардың кедендік құнын бақылау процесін Комитет деңгейінде орталықтандыру, бұл баға саясаты мен қабылданатын шешімдердің біркелкілігіне әкеледі; тексеруші лауазымды тұлға мен декларанттың байланысын болдырмау, өйткені барлық өзара іс-қимыл ақпараттық жүйе арқылы тек электрондық нысанда жүргізіледі; тауарларды декларациялау үшін декларанттың орналасқан жері маңызды емес, бұл ретте тауарлар кез келген шекара маңындағы терминалдарда орналастырылуы мүмкін болғандықтан, сыртқы сауда жүктерінің логистикасына арналған шығындарды оңтайландыру.
Қазіргі уақытта ЭДО ресімдеуге 13 облыс қосылған. 2020 жылғы 23 желтоқсанда Комитетте әкелінетін тауарлардың кедендік құнын, жеңілдіктер мен босатулардың дұрыс қолданылуын, сондай-ақ тауарлардың жіктелуінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыратын "ЭДО" басқармасы құрылды. Бұл ретте электрондық декларациялау процесі "АСТАНА-1" АЖ-да тәулік бойы режимде жүргізіледі. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан шағымдар саны едәуір қысқарды, бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың қосымша түсімдері ұлғайды.
Ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін Комитет ЭДО-қа қалған төрт Департаментті: Маңғыстау және Алматы облыстары, Нұр-сұлтан және Алматы қалалары бойынша департаменттерді қосуды жоспарлап отыр.
Қалған облыстарды біріктіре отырып, кедендік бақылау орталық органда (Комитетте) жүзеге асырылатын құжаттық және кедендік тексеріп қарау/қарап тексеру, кедендік сараптама кезінде тауардың орналасқан жеріндегі кеден бекеттерінің қызметкерлері жүргізетін нақты бақылау болып бөлінеді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ЭДО жобасына 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап қосылды. 2021 жылдың 1 тоқсаны кезеңінде БҚО бойынша МКД тіркелген 1852 ТД-ның 211 ТД-ға (11%) қатысты кедендік құнды құжаттық бақылауды комитеттің ЭДО басқармасы жүргізді.
БҚО Бизнес-қоғамдастығы Қазақстан Республикасында кедендік әкімшілендіруді жақсарту және бизнес үшін жағдай жасау үшін Мемлекеттік кірістер органдары қабылдаған шараларға оң баға берді.