Date of publication: 16.04.2021 21:47
Date of changing: 16.04.2021 21:52

Қазіргі уақытта тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды немесе ТІЖ ресімдеу бойынша Пилоттық жоба іске қосылды.

Тауарларға және олардың құжат айналымына ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар).

Ережеде бөлшек сауда дегеніміз – кәсіпкердің жеке, отбасылық, үйде немесе кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес басқа да пайдалануға арналған тауарларды сатып алушыға сатуы (т.4) Ереженің 2 тармағы).

Сондай-ақ, Ережеде ТІЖ бөлшек саудада тауарларды өткізу кезінде ресімдеуге жатпайтыны белгіленген (тт. 1) Ереженің 16 т., 71 т.-73).

Осылайша, үй маңындағы дүкен иелерінде, егер БКМ чегін бере отырып, онлайн бақылау-касса машиналары қолданылса, ТІЖ ресімдеу бойынша міндет туындамайды. Бұл шарттар бастапқыда ТІЖ бойынша пилоттық жобаны іске қосу кезінде көзделген.

Сонымен бірге, акцизделетін тауарларды (алкоголь және темекі) сату кезінде, бұрынғыдай, ақпараттық жүйеде олардың алынғанын растау қажет. Бұрын бұл операция СЕӨЖ салық төлеушінің кабинетінде жүргізілген, ал қазір оны ЭШФ ақпараттық жүйесінде жасау қажет. Ыңғайлы болу үшін мұны ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында да жасауға болады.