Date of publication: 08.04.2021 11:54
Date of changing: 08.04.2021 11:53

Қазақстандық кәсіпкерлерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан алуға болатын арнайы QR-код арқылы сәйкестендіретін болады. «Шолып тексеру» пилоттық жобасы көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және салық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың (ашық базарларды есептемегенде) аумағында ҚР-да көтерме және (немесе) бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz) «Ақпараттық ресурстар» қосымша бетінде штрих-кодты (QR-кодты) алуы тиіс.

Сәйкестендіргіш кәсіпкер туралы мәліметтерді (ЖСН/БСН, атауы, бақылау-касса машинасының орналасқан жерінің мекенжайы, салық төлеушінің мәртебесі, алкоголь өніміне лицензияның болуы) қамтиды. Бұл сатып алушылардың кәсіпкерді сәйкестендіруі үшін қажет.

Мысалы, фискалды чек берілмеген, тауарлар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартылған, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сатып алушы ұялы телефонының көмегімен QR-код арқылы есептелген пилоттық жобаға қатысушы туралы деректерді пайдалана отырып, Мемлекеттік кірістер органдарына шағым жолдауға құқылы.

Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары бейне тіркеу және (немесе) фотофиксация құралдарын қолдана отырып жіберілген шағымдар бойынша ғана шолып тексерулі жүргізеді.

Бұл ретте, шолып тексеруді жүргізу туралы шешімде көрсетілген шолып тексеруді жүргізу мерзімі басталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын Мемлекеттік кірістер органдарының Интернет-ресурсында аталған шешім орналастырылады.

Шолып тексеру жүргізу арқылы салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаның жүргізілу тәртібімен http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021928 сілтемесі бойынша толығырақ танысуға болады (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 1232 бұйрығы).

Салық төлеушілер шолып тексеруді жүргізе отырып салық төлеушілерді әкімшілендіру бойынша пилоттық жобаның басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде, бұл ретте егер жеке немесе заңды тұлға Қағидалардың қолданысқа енгізілгеннен кейiн құрылған болса, онда құрылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:

  1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-портал арқылы (https://kgd.gov.kz) белсенді терезеде жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН/БСН), бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – БКМ) тіркеу нөмірін енгізу, "код құру" деген батырманы басу және басып шығару жолымен штрих-кодты (QR-кодты) алады;

    2) БКМ орналастырылған жерде штрих-кодты (QR-кодты) орналастырады;

 

      штрих-код (QR-код) мынадай ақпаратты:

      ЖСН/БСН;

      салық төлеушінің толық атауын;

      салық төлеушінің орналасқан жерінің мекенжайын;

      алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауын;