Date of publication: 07.04.2021 18:54
Date of changing: 07.04.2021 18:53

Құжаттарды цифрлау шеңберінде салық заңнамасын орындау үшін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар енгізілуде, олар келешекте мыналармен ауыстырылады:
акцизделетін тауарларға ілеспе жүкқұжаттар: АӨІЖ (алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаты), МӨІЖ (мұнай өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты), ТӨІЖ (темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаты);
бухгалтерлік есеп және есептілік туралы заңнамада айқындалған тауарды шетке беруге арналған жүкқұжат (З-2 нысаны);
тауар-көлік жүкқұжаты (ТКЖ);
Тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелу кезінде ресімделетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328 СЕН). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.
ТІЖ толығымен электрондық түрде рәсімделетін болғандықтан, қағаз құжат айналымы болмайды. Тиісінше, қағаз, принтерлер, жеткізуге пошта шығындары және қағаз құжаттарын сақтау үшін мұрағаттарды ұстау шығындары азаяды.
Сонымен қатар, құжаттаманы алу жеделдетіледі, себебі жеткізуші ресімдегеннен кейін ТІЖ бірден сатып алушыға түседі.
«ТІЖ енгізілуімен ЕАЭО шеңберінде жүк айналымы жеделдетіледі. Көлік құралдары шекара арқылы жеделдетілген тәртіппен өтетін болады, себебі құжаттардың қағаз көшірмелерін сканерлеу қажеттілігіне байланысты болмайды», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.