Date of publication: 07.04.2021 11:31
Date of changing: 07.04.2021 11:30

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды. «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15 бабы 1) тармақшасының күшіне орай уәкiлеттi орган әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламалары тізілімін жүргізеді.

Заңның 12-бабының ережелеріне сәйкес өтініш берушінің уәкілетті органға қызметтің басталғаны туралы хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы беруі өтініш берушінің хабарламасын әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізуге негіз болып табылады.

Өтініш беруші хабарламада көрсеткен деректер өзгерген кезде, өтініш беруші деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама жіберуге міндетті.

  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2 және 7 тармақтарына сай өтініш берушілер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға хабарламаларды жібереді.

Осылайша, деректерді өзгерту туралы тиісті хабарламаны рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жіберу қажет (www.elicense.kz).

 «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламада» көрсеткен деректер өзгерген кезде хабарлама беру үшін  www.elicense.kz арқылы «Жеке кабинетке» - «өтініштер және алынған қызметтер тарихы» - «хабарламалар» - «субъектілер тізіліміне» кіріп, өзгерту үшін қажетті хабарламаны таңдап (қанат белгісін қою), мәліметтерді өзгертуге өтініш беруі («мәліметтерді өзгерту» батырмасын басу) қажет.

 

БҚО бойынша МКД