2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы 2014 жылдың 29 мамырында Кедендік одақ басшылары қол қойған Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартты ратификациялады. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы осы одаққа кіретін елдер экономикасына оң әсер етіп, еркін жүріп тұруға жағдай жасайды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімшарттың заңды күшіне енуімен байланысты кейбір кәсіпкерлік субъектілері аталған Келісімшарт пен салық заңнамасының кейбір нормаларын қолдануда сұрақтар туындай бастады. Сонымен қатар, ресей рублінің бағамының құлдырауымен байланысты азаматтар арасында жеке пайдалануы үшін тауарлар әкелуге қызығушылық тудырды.
Осы және басқа да сұрақтар Батыс Қазақстан облысы салық төлеушілерімен өткізілген семинарда қаралды. БҚО бойынша МКД камералдық бақылау бөлімінің басшысы Сұлтанова Мейіз Тілешқызы баяндамасында мемлекеттік кірістер органдарының резидент еместерге көрсететін мемлекеттік қызмет түрлеріне тоқталды.
Резидент еместер мемлекеттік кірістер органдарынан Қазақстан Республикасының төлем көздерінен алынған табыстарының сомасы мен ұсталған(төленген) салық
сомалары туралы анықтама алуға, осылайша өзі резидент болып табылатын елде Қазақстанда төленген табыс салығын есепке алдыруға немесе Қазақстан Республикасында тапқан табыстарын шегерімге жатқызуға құқылы.Халықаралық келісімшартқа сәйкес, резидент еместер Қазақстан бюджетіне төленген табыс салығын қайтарып алуға немесе шартты банк салымына құқылы.
Бұл ретте халықаралық келісімшарт болып қосарланған салық салуды болдырмау және қаржыға және табысқа салынатын салықтан жалтаруға жол бермеу туралы Қазақстан мен шетелдік мемлекет арасындағы жасасқан Келісім(Конвенция) саналады. Қазіргі кезде Қазақстан мен 46 елдің арасында Келісім(Конвенция) жасалып ратификацияланған.
Мұндай халықаралық келісімшарттың ережелері шетелде табыс табатын Қазақстан Республикасының резиденттеріне де қатысты. Осымен байланысты, шет мемлекетте салық салудан босатылу немесе мұндай табыстарға жеңілдетілген ставкаларды қолдану үшін,Қазақстан Республикасынынң резиденттері Қазақстан резиденті екендігі туралы растама құжат алу бойынша мемлекеттік қызметін пайдалануына болады.
Семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Мейіз Тілешқызы резидент емес жеке тұлғаларға салық салуға тоқталды. Салық кодексінінң 192-бабының 1-тармағының 26- тармақшасына сәйкес, шетел азаматының мұрагерлікпен иемдеген мүлігі табыс болып саналады және 20% ставкамен салық салынуға жатады, 240.00 нысанды декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органына тапсырылуға тиіс.
Мұрагерлікпен иеленген мүлікті бұдан әрі сатқан кезде Салық кодексінің 194 бабына сәйкес 15 пайыздық мөлшерде құн айырмасының өсіміне салық салынады.
Еуразиялық экономикалық Одақ туралы келісімшарттың күшіне енгеніне 3 айдай уақыт өтсе де салық төлеушілерде сұрақтар көптеп туындауда.
Әсіресе жеке тұлғаларды кәсіпкерлік емес мақсаттарға тауарлар әкелу кезінде жанама салықтан босатылуы туралы Келісімшарттың 72-бабының 6 тармағының 2-тармақшасы қызықтырды. Бұл сұраққа жауап берген Шакенова С.А. Одаққа мүше елдерден жеке мақсатқа тауарлар әкелгенде жанама салықтар төленбейтінін айтты. Осымен байланысты, 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап ЕЭО елдерінен жеке тұлғалар автотранспорт әкелгенде жанама салықтар салынбайды.
Бұдан басқа, салық төлеушілердің назары мүлік пен капиталды жариялауға байланысты өткізіліп жатқан акцияға аударылды, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мүлікті жариялау үшін мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық басқармаларында құрылған комиссияларға жүнігуге болатыны түсіндірілді.
БҚО бойынша МКД