
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы салықтар бойынша төлемдерге тоқталып, ішкі тауарларға қосымша кұн салығы 11%-ке төмендегенін жеткізді.
Марат Сұлтанғазиев атап өткендей, бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша түсімдер 3,5%-ке өсті, Еуразиялық экономикалық одақтан қосымша құн салығы 2%-ке, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорынан салықтар 5,3%-ке өсті.
Сонымен қатар, кедендік төлемдер бойынша ақпарды жеткізген МКК төрағасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бөлінген баждар 5,8%-ке, мұнай және мұнай өнімдеріне экспорттық баждар 51%-ке және үшінші елдерден қосымша құн салығы 3,7%-ке төмендеуі байқалып отырғанын жеткізді.
Ал, экономика секторлары бойынша, мұнай және металдар бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43%-ке азайды.
Бұл ретте көлік секторындағы түсімдер – 10%-ке, өңдеу өнеркәсібінде 9%-ке, құрылыста 2%-ке және саудада 1,4%-ке өсті.