Date of publication: 03.02.2021 12:21
Date of changing: 03.02.2021 12:23

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың назарына келесіні хабарлайды:

2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 382-VI ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 385-бабына өзгерістер енгізілді және салық салынатын импорттың мөлшеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждары енгізілді.

Көрсетілген өзгерістер 2021 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізілді және қазіргі уақытта «Астана-1» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылды.

Осыған орай, сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар, 2021 жылғы 1 – 19 қаңтар аралығында берілген тауарға арналған декларацияларға (арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының төленуі қарастырылған тауарлар бойынша) сәйкесінше өзгерістер енгізу қажет.