Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖҚ) – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электронды шот- фактуралар» ақпараттық жүйесінде электронды нысанда рәсімделіп, салықтөлеушілерге тегін ұсынылатын тауарларға ілеспе құжат.
ТІЖҚ енгізу көмегімен мемлекет тауар айналымның ашық жүйесін құрып, тауар қозғалысы мен келісімдердің қозғалысын, яғни шекарадан кіргеннен бері немесе тауар өндірісінен бастап, тауар сатылым мен соңғы тұтынушыға дейін қадағалауға мүмкіндік береді.
ТІЖҚ салық заңнамасымен Салық кодексінің 176 бабымен көзделген, оған қоса, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2019 жылғы 26-желтоқсанындағы № 1424 бұйрығына сәйкес енгізілді.
ТІЖҚ рәсімдеу міндеттемесін 2021 жылдың 1 жартыжылдығында кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.
Пилоттық жоба Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асады:
- 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап, 1-наурызына дейін акцизді өнімдер (этил спирті, жанармай, жанар-жағар май, темекі өнімдері) бойынша, яғни Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды әкелу, Қазақстан Республикасы аумағынанан тауарларды шығару, сонымен қатар электронды шот- фактуралар виртуалды қойма арқылы жазып шығарылатын тауарларға қатысты;
- Виртуалды қойма арқылы шығарылатын туралар бойынша 2021 жылдың 31-желтоқсанынан 1 мамырына дейін. Мұнда жеңіл авто көліктер, теледидарлар, тоңазытқыштар, шаңтоңазытқыштар, фотокамералар, дәрі-дәрмектре, алтыннын жасалған өнімдер;
- 2021 жылғы 1 ақпанынан бастап 1 шілдесіне дейін ДСҰ тізбесіндегі тауарлар бойынша.
Пилоттық жоба салық төлеушілердің TІЖҚ-мен жұмыс істеуге бейімделуі, өздерінің есеп жүйесін және жеткізушілермен және сатып алушылармен өзара іс-қимылды жолға қою үшін арналған.
ТІЖҚ ЭШФ АЖ арқылы толтырылады. Әрбір салықтөлеуші МКК сайтындағы «Электронды шот-фактуралар» сілтемесіне көшу арқылы оны тегін қолдана алады.
Оған қоса, аталмыш «Электронды шот-фактуралар» бөлімінде ТІЖҚ құрылымының техникалық сипаттамасы орналастырылған, ЭШТ АЖ пайдаланушының нұсқаулығы, оған қоса ТІЖҚ нысанын біртенідеп толтырудың үлгісі бар.
БҚО бойынша МКД-де ТІЖҚ пилоттық жобаны іске асыру мәселелері бойынша WhatsApp чаты жұмыс істейді. Чатқа қосылу үшін келесі байланыс номіріне хабарласу керек :8-707 733 68 27