Date of publication: 25.12.2020 10:57
Date of changing: 25.12.2020 10:57

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ресми сайтында web-журналдың алғашқы шығарылымы басталғанын хабарлайды. Оны сілтеме бойынша көре аласыздар:   https://kgd.gov.kz/sites/default/files/UIT/zhurnal_1_2020_god.pdf.

                

         Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-журналының бірінші шығарылымы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Орталық - Өңір форматындағы қарым-қатынасы үшін алаң болып табылады.

         Мемлекеттік кірістер органдарының қызықты тарихы мен көпқырлы күнделікті тәжірибесі осы жаңа басылымның беттерінде өзінің лайықты көрінісін табады. Веб-журнал мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің де, салық және ке­ден ісі теориясы мен практикасының әртүрлі аспектілеріне қызығушылық танытатын адамдардың да қызығушылығын тудырады, өйткені ол мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің өмірі, оқиғалары мен кезеңдері туралы, Парламенттегі талқылаулар ту­ралы әңгімелейді, оқырмандардың на­зарына мамандар өз жұмыстарының пай­далы түсіндірулерін ұсынады.

         Бұдан басқа, редакциялық комиссияға біздің қызметіміздің жұмысын жақсарту бойынша идеялар мен ұсыныстар жіберуге болады. Үздіктер іске асырылатын болады, ал авторлардың жұмыстары осы веб-журналдың беттерінде жа­рияланатын болады. Журнал шығарылымы тоқсанына бір рет PDF форматында жарияланады.

​         Құрметті әріптестер, сіздерді біздің web-журналымызда белсенді ынтымақтастыққа шақырамыз. Біздің поштаға жібере отырып, сіз өзіңіз қатыса аласыз, өмірдегі оқиғалар туралы баяндай аласыз және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарыңызды электрондық адреске жолдай аласыз: umc01@mail.ru.