Date of publication: 15.12.2020 12:35
Date of changing: 15.12.2020 12:38

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметінің (бұдан әрі - Россельхознадзор) Еуроодақтың бірқатар елдерінен Ресейге тірі құс және құс шаруашылығы өнімдерін экспорттауға уақытша шектеулер енгізуге қатысты ақпаратын жолдайды.

Германия аумағында жоғары патогенді құс тұмауы вирустарымен инфекция бойынша эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2020 жылғы 02 желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясына Германияның әкімшілік аумағынан — Росток (Мекленбург – Алдыңғы Померания федералдық жері), Зегеберг және Дитмаршен (Шлезвиг-Гольштейн федералдық жері) аудандары — келесі өнімдерді экспорттауға уақытша шектеулер енгізілді:

- тірі құс және инкубациялық жұмыртқа; ХЭБ жер үсті жануарларының денсаулығы кодексінің ережелеріне сәйкес құс тұмауы вирусының жойылуын қамтамасыз ететін өңдеуге ұшыраған тауарларды қоспағанда, құс етінен және құрамында құстың қайта өңделген өнімдері бар құс етінен және құс шаруашылығы өнімінің барлық түрлерінен жасалған дайын ет өнімі; құстарға арналған жемшөп пен жемшөп қоспалары (өсімдіктен алынатын жемшөп пен жемшөп қоспаларын, химиялық және микробиологиялық синтезді қоспағанда); құстарды күтіп-бағуға, союға және мүшелеуге арналған бұрын пайдаланылған жабдық.

Сондай-ақ аталған аумақтан Ресей Федерациясының аумағы бойынша мынадай өнімдердің транзиті:

- тірі құс. Аталған өнімді Германиядан Ресей Федерациясына жеткізген кезде тиісті ветеринариялық сертификаттарға ветеринариялық сертификатты ресімдеген ветеринариялық дәрігердің қолымен және мөрімен расталған қосымша қоса берілуі тиіс (үлгі қоса беріледі). 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін Россельхознадзордың 17.11.2020 № ФС-АРэ-7/3562-3 нұсқауына сәйкес ресімделген қосымшасы бар ветеринариялық сертификаттармен бірге Германиядан құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге рұқсат етіледі.

 

                                                                                         БҚО бойынша МКД КӘБ