
ЭШФ АЖ-да ТІЖ ресімдеу үшін таңбалауға жататын тауарлар бойынша виртуалды қоймада тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында таңбалау жөніндегі оператор ТТҚ АЖ-да мынадай мәліметтерді:
1) Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның тіркеу нөмірі мен күні;
2) жөнелтушінің/алушының ЖСН/БСН;
3) тауар коды – GTIN;
4) тұтыну орамының саны;
5) тауардың өлшем бірлігінің санын (қажет болған кезде) қамтитын тіркелген құжаттар бойынша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді.
Таңбаланатын және таңбаланбайтын тауарлар бойынша ТІЖ жеке жазып беріледі. Бір тұлға шеңберінде өткізілетін таңбаланатын тауарлар бойынша ТІЖ ТТҚ АЖ-де қабылдап алу/беру актісіз ресімделеді.
Таңбалануға жататын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы хабарламаны ресімдеу мен тіркеу импортқа ТІЖ ресімдегенге дейін жүзеге асырылады.
Техникалық қателер бойынша ТТҚ АЖ қолжетімсіз болған жағдайда, ТІЖ Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы ТТҚ АЖ қағаз түріндегі қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның негізінде қағаз тасығышта ресімделеді.
Қағаз тасығышта ресімделген ТІЖ ТТҚ АЖ-да Қазақстан Республикасына тауарларды әкелу туралы қабылдап алу/беру актісінің немесе хабарламаның нөмірін көрсете отырып ТТҚ АЖ-да қағаз тасығышта ресімделген қабылдап алу/беру актісін немесе хабарламаны енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ-ға енгізілуге жатады.