Date of publication: 04.12.2020 16:42
Date of changing: 04.12.2020 16:43

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мақсатында Жалпыға бірдей декларациялау енгізіледі.

Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациалау шеңберіндегі декларацияны:

• жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар мен олардың жұбайы (зайыбы);

• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар мен олардың жұбайы (зайыбы);

• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалар теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

• «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.

Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастапзаңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы тапсырады.

Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырады.