
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен және облыс әкімдігімен бірлесе, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Сисембаева Меруерт Қабдырашитқызының қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды түсіндіру жөнінде семинар өткізілді.
Семинарды облыс әкімінің орынбасары Қоныспаева Бибігүл Тишанқызы ашып, тақырыппен және қатысушылармен таныстырды. Сонан соң ҚР ҚМ МКК салықтық бақылау департаментінің борыщтармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Сисембаева М.Қ. өз сөзінде оңалту және банкроттықтың жаңа механизмдері, , төлем қабілетсіздігін реттеу туралы ақпарат берді. Осы заң аясында банкрот деп танылған кәсіпорындарды сақтап қалудың баламалы жолдары қарастырылған.
Бұл оңалту рәсімін қолдану мүмкіндігі және банкроттау рәсімінің кез келген кезеңінде борышкер мен кредитор арасында келісім жасау, сондай-ақ банкрот кәсіпорынды сату және меншік иесін ауыстыру.
БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Қ. Сейдахметова оңалту және банкроттық заңнамасын қолданудағы сот тәжірибесі туралы айтып, сотпен осы санаттағы істерді қарау барысында дау туғызатын жайларды атап өтті.
Семинар тақырыбының өзектілігіне байланысты, екінші деңгейлі банктер мен борышкерлердің өкілдері, банкроттық рәсім әкімшілері тақырыпты талқылауға белсене араласты. Пікір алу барысында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру, реттеу бойынша заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар берілді.
БҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыстары басқармасы