Бұл «Е – Salyq» мобильді қосымшасындағы «Салық әмияны» қызметінің арқасында мүмкін болды, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.
⠀
Казіргі таңда инновацияны – 7 090 адам пайдаланды. Олар өздерінің жеке шоттарын – 22,9 миллион теңгеге толтырды. «Салық әмияны» қызметіне қаражат жіберу арқылы салық төлеуші бірқатар жеңілдіктерге ие болды, мысалы:
⠀
〰️ «Салық әмиянынан» салық берешегін автоматты түрде есептен шығару;
〰️ қарыз сомаларын бір салықтан екінші салыққа автоматты түрде аудару;
〰️ төлем туралы хабарлама алу;
〰️негізсіз салық санкцияларын алып тастау;
〰️қате төлемдерді жою;
〰️ салық салу объектілерін қарау.
⠀
Сондай-ақ, «Е – Salyq» мобильді қосымшасында азаматтарға ыңғайлы болу үшін жол полициясы органдарында тіркеу есебінде тұрған көлік құралдары бойынша деректерді қарауға, салықтың қандай көлік құралдарымен есептелгенін көруге мүмкіндік бар.
⠀Бұл қызмет сізге көлік құралының сипаттамаларын өзгертуді қосқанда, оны атынан шығаруға (сатуға) байланысты көлік құралын мәліметтер базасынан шығарып тастау үшін онлайн режимінде жүгінуге мүмкіндік береді.
⠀Іске қосылғаннан бастап, ағымдағы жылдың 19 қазанына дейін – 7 493 адам түзету мүмкіндігін пайдаланды, оның – 7 312-сі көлікке, 117-сі мүлікке қатысты.
⠀Интерфейсте тиісті сату құжаттарын немесе көлік құралының деректерін түзету жеткілікті. Бірнеше күн ішінде ақпарат түзетіледі.
⠀Сонымен қатар, 30 маусымнан бастап – 507 салық төлеушілер артық төлемдерді басқару қызметін қолданып үлгерді. Олар салықтардың басқа түрлері бойынша бұрыннан бар артық төлемдерден – 19,4 миллион теңге көлемінде салық төледі.
⠀Жалпы, порталға кіріп, мобильді қосымшаны – 96 263 адам жүктеп үлгерді.
⠀Төленуге жататын көлік салығының сомасын Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталы, egov.kz электронды үкімет порталы, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша аудандық Мемлекеттік кірістер басқармалары арқылы білуге болады.
⠀
#ҚРҚММКК #САЛЫҚ #eSalyq #СалықӘмияны