Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 70-жылдығына және Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған, Қазақстан Республикасы мемлекттік кірістер органдарының 1-ші Спартакиадасының бағадарламасынан іріктеу ойындарында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекетік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері ептілік пен тапқырлықты, спорттық дағдыларын көрсете білді.
Жарыстардың салтанатты ашылауы «Орал» спорттық кешенінде өтті.
Спартакиадаға қатынасушыларды оның басталуымен Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірітсер департаментінің басшысы міндетін атқарушы Е.К. Керімов, және салық қызметінің ардагері, Батыс Қазақстан облысы салық қызметі ардагерлері қоғамының төрағасы, қаржы қызметінің үздігі Ө.К. Ахаев құттықтады.
Жарыстың алғашқы күні 6 спорт түрінен жарыс өтті. мини футболдан жарыс бойынша Орал қаласы мен БҚО аудардары мемлекеттік кірістер басқармаларының құрама командасы үздік шықты.
Волейболдан Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД құрама командасы жеңімпаз болды. Қазақша күрестен өз салмақ категориялары бойынша Н.Салихов, Қ.Кенжегужин,А.Гұмаров-БҚО МКД) Сырым ауданы МКБ) жеңіске жетті.
Конкурстың ең қызықты жарыс түрлерінің бірі «Әкем,мамам және мен-спорттық жанұямыз!» сайысында ата-аналармен қоса балалар да қатысты. Бұл сайысқа қатысушылар өз командаларының стндтарын, логотиптерін дайындап әкелген екен. оларды жанкүейрлер қызу қолдаумен болды. Сайыс нәтижесінде «Шерхан» командасы(БҚО МКД)-Ғұмаровтар жанұясы) жеңіске жетсе, екінші орынды «Әсель» командасы(Ныгметовтер жанұясы(Орал қаласы бойынша МКБ), үшінші орынды «Семь и Я» (Жалғасовтар жанұясы,Бөрлі ауданы МКБ) иеленді.Бұл конкурста»Ең тату жанұя»,»Ең көңілді команда»,»Көрермендер көзайымы» номанициялары бойынша ешбір команда жүлдесіз қалған жоқ.
Спартакиаданың теннис турнирінде Р.Жексенғалиев (БҚО МКД) және Тұмалиева А,Орал қаласы МКБ) жеңімпаз атанды.
Шахматшылар арасында Б.Мұқамбетов (Орал қаласы бойынша МКБ, және Н.Жәңгіров (БҚО МКД) үздіктер атанды. Іріктеу жарыстары күштілерді анықтап, спорттың жеке түрлері бойынша Сәуір айында Орал қаласында өтетін аймақтық іріктеу жарыстарына құрама команда жасақтауға мүмкіндік берді.
БҚО бойынша МКД баспасөз қызметі