Date of publication: 06.10.2020 16:28
Date of changing: 06.10.2020 16:30

Еуразиялық экономикалық одақаумағында зияткерлікменшік объектілеріне (бұданәрі–ЗМО) құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету функциясы Мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген функциялардың бірі болып табылады.

Батыс қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ЗМО бірыңғай кедендік тізіліміне немесе ҚР ЗМО кедендік тізіліміне енгізілген, сондай – ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 53 – тарауына сәйкес мұндай тізілімдерге енгізілмеген ЗМО -ге құқық иелерінің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.

Егер ЗМО бар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде Департамент ЗМО -ге құқық иесінің құқықтарын бұзу белгілерін анықтаса, мұндай тауарларды шығару мерзімі 10 жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

Бұдан әрі, Департамент құқық иеленушіні және декларантты ЗМО бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешім қабылдағаны туралы хабардар етеді.

Кодекстің 198-бабына сәйкес құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлғаның сұрау салуы бойынша кеден органы бұл мерзімді ұзартады, бірақ егер құқық иеленуші немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық иеленушінің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінген жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартады.

Сондай-ақ құқық иеленушінің және (немесе) оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушілердің мүдделерін білдіретін тұлғаның тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтінішті, одан әрі құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсына отырып, электрондық поштаны және факсимильді байланысты пайдалана отырып, тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті кеден органына электрондық түрде (сканерленген көшірме) беруіне жол беріледі.

        ЗМО бар тауарларды шығару мерзімін тоқтата тұру мерзімі аяқталғаннан кейін мұндай тауарларды шығару мерзімі кеден органына тауарларды алып қоюды, оларға тыйым салуды не оларды тәркілеуді растайтын құжаттар не құқық иесінің ЗМО -ге құқықтарын бұзу туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы судьяның ұйғарымы ұсынылған жағдайларды қоспағанда, Кодексте белгіленген тәртіппен қайта басталады және жүргізіледі. Құқық иеленушінің ЗМО -ге құқықтарының бұзылуы туралы талап қою бойынша азаматтық іс қозғау туралы судьяның ұйғарымы ұсынылған кезде Кодекстің 198-бабының 1-тармағында белгіленген ЗМО -нен тұратын тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімдері, сондай-ақ көрсетілген тауарларды уақытша сақтау мерзімдері құқық иеленушінің талабы бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.

        ЗМО атауы, құқық иесі, сондай-ақ құқық иеленушілердің сенімді тұлғалары туралы барлық ақпаратты ҚР ҚМ МКК ресми сайтынан kgd.gov.kz, "қызмет" - "кедендік әкімшілендіру" - "Кедендік бақылау" - "тізілімдер" бөлімінен немесе БҚО бойынша МКД-нің53-84-28 телефоны бойынша алуға болады.