Date of publication: 30.09.2020 16:28
Date of changing: 30.09.2020 16:29

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына мемлекеттік бақылау түрлерін қашықтықтан бақылау аясында төмендегіні хабарлайды.

"2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды" іске асыру, сондай - ақ Мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі-МКО) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу және алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 25 қыркүйектен бастап кедендік тексеріп қарауды және қарап тексеруді және кедендік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қоршаған ортаны түзету, МКО лауазымды тұлғалардың азаматтармен іс-қимылдарын тіркеуге арналған "алып жүретін портативтік бейнетіркегіштер" техникалық құралдары қолданылады.

 Бейнетіркегіштерде жергілікті қоймаларда бастапқы сақтаумен және Комитеттің серверінде синхрондаумен деректерді offline беру, сондай-ақ 4G/LTE қолдаумен GSM арқылы кері байланыспен деректерді online беру режимі бар.

Бұл режим ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне кедендік бақылаудың бейнежазбасына "онлайн" форматта мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, құрметті СЭҚ қатысушылары, БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздерді кедендік заңнама талаптарының нақты сақталуын қамтамасыз етуге шақырады.