Семинар кеңесті Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары Есенгалиев Сұнғат ашып, семинарға қатысушыларды салық заңдылығындағы енгізілген өзгерістерге нақтылы тоқтады, соның ішінде электронды есеп-фактура, әлеуметтік төлем туралы тоқталды.
Шаруа қожалықтарындағы және фермерлік шаруашылықтағы сондайақ ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың ауылшаруашылық тұтыну кооперативтеріндегі арнайы салық режимі туралы тақырыпта салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы К. Ибраева тоқталды. Баяндамашы агрокомплекс саласын реформалау соның ішінде ауылшаруашылық жерлерін тиімсіз пайдалануды тоқтатып отандық өнім өндірудің бәсекелестік қаблетін арттыру, жалпы ауылшаруашылық өнім өндіруге ынғайлы жағдай жасау керектігіне тоқталды. Әсіресе арнайы салық режимін шаруа қожалықтар мен фермерлік шаруашылықтарда ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өндеу және сату мен айналысуды жетілдіруге бағытталған шаруашылыққа сақталып қалу керек екендігіне тоқталды.
Сондай ақ бөлім басшысы шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға жер көлемін шектеу туралы атап өтті. Арнайы салық режимнен тіркеу үшін, біздің облысымыз бойынша ең көп жер көлемі мөлшері 3500 гектардан аспауы керек.
2015 жылдың 1 қантарынан бастап бұған дейін қолданылып келген ауылшаруашылық товар өндірушілерге арнайы салық режимі бойынша жерді пайдаланғандығы үшін 70% жер салығын төмендету жеңілдігі алынып тасталды.
«Оңайлатылған тәртіп бойынша жұмыс жасайтын кейбір жеке кәсіпкерлердің ісін тоқтату туралы» ақпарат өңдеу бөлім басшысы Л.Пахомова тоқталды. Баяндамашы өз сөзінде оңайлатылғын салық режимімен жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлер өз жұмысын жазбалай келісім беру арқылы тоқтатуға боландығын атап өтті. Бұл жағдайда салық органдары тоқтатылған жеке кәсіпкердің тексеру талап мерзімі аяқталғанша жұмыс жасаған мерзіміне камералдық бақылау жасауға құқылы.
Семинар кеңесте сондай-ақ кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды төлеу барсындағы өзгерістер қарастырылды. Біздің облысымыз Ресей Федерациясының бес облысымен шектесіп жатыр, сондықтанда экономикалық Евро одақ көлемінен товарларды алып келгенде төленетін жанама салық семинарға қатысушылардың әртүрлі сұрақтар берілді. Бұл ретте әсіресе салық төлеушілерді кедендік одақ көлемінен алып келген жеңіл көліктерге төленетін қосымша құн салығы бойынша өзгерістер қызықтырды, және оларға бұл туралы нақтылы жауаптар берілді.
Сондай-ақ семинарға қатысушыларға қосымша құн салығындағы енгізілген өзгерістер таныстырылды.
Қосымша құн салығына міндеті түрде қойлған жағдайда айналым мөлшерінің белгіленген мөлшерден артып кеткендігі туралы нақтылайтын құжаттардың көшірмесі тіркелуі қажет.
Сонымен қатар егер салық төлеушінің бірінші басшысы резидент болмаған жағдайда оның жеке сәйкестік номері (ЖСН) болмаған жағдайда бұл салық төлеуші ретінде тіркемеуге негіз болады.
Семинар барсында салық төлеушілерден әлеуметтік төлемді есептеу туралы сұрақтар, сондай ақ электронды шот-фактура толтыру барсы туралы, жеке тұлғалардың женіл автокөліктерді кеден одағынан алып келген жағдайда 320,328 есептік форманы толтыру барсы туралы сұрақтар қойылып, нақтылы жауаптар қайтарылды.
Семинар –кенесті қортындылай келіп бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшы орынбасары Есенгалиев Сұнғат семинарға қатысқан салық төлеушілерге алғысын білдірді.
Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы