Date of publication: 17.03.2015 15:56
Date of changing: 22.04.2015 15:25

 

          Мемлекет тарапынан шағын бизнесті қаржыландыру мен несиелеу бойынша жан-жақты қолдауды сезіне отырып, көптеген азаматтар  кәсіпкерлікті ашуды ойластырады және осылайша жанұясын, өзін жұмыспен қамтамасыз етсем дейді. Алайда, кез келген адамда  бизнесті құру тәжірибесі жоқ,  қажетті заңнамаларды  біле бермейді.

 Осы сәтте салық  саласындағы мамандардың кәсіби көмегі қажет- ақ. Біздің міндетіміз-салық заңнамасын түсіндіру бойынша  дер кезінде кәсіби көмек қолын созу.

       Қазіргі кезде  БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің барлық құрылымдық бөлімдерінде  салыққа  қатысты сұрақтары бойынша салық төлеушілердің хабарлылығын арттыру мақсатындағы    «Бірыңғай кеңес беру» күні акциясы өткізілуде.     

2015 жылдың 19 ақпанынан бастап департаменттің барлық басқармалары, әрбір бейсенбі сайын  кәсіпкерлігін жаңадан бастағандар үшін  ашық есік күндері өткіліуде. Бірыңғай кеңес беру күндерін өткізу кәсіпкерлердің бизнестерін кедергісіз, заңнамаларды бұзбай  одан әрі жүргізуге септігін тигізері даусыз.                

          Жүргізіліп жатқан акция туралы жегілікті аудандық газеттер беттерінде, әкімдіктер сайттарында хабарландырулар берілді. Кәсіпкер болсам  немесе  ЖШС ашсам дейтін әрбір жеке тұлға, бизнесті жүргізу мен кәсіпкерлікті ашу туралы кәсіби маманның кеңесін алуға толық мүмкіндік жасалған. Бірден көптеген мәлімет алған кезде бәрін бірдей есте сақтау қиынға соғады. Сондықтан келушілерге орыс және қазақ тілдерінде  жаднамалар  табыс етіледі.

        Кәсіпкерлер тарапынан декларациялар тапсыруда, кәсіпкерлікті тіркеуде жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар тізімі жасалған. Кәсіпкерлерді қызықтыратын негізгі сұрақтарға: жеке кісіпкерлікті тіркеу, бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі, арнаулы салық режимдерін қолдану шарттары, салықтарды есептеу мен төлеу тәртібі, зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, сыртқы  экономикалық сауда жүргізу  мәселелері жатады.

   Аталған шараны өткізуден  тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен қатар мемлекет те ұтатыны  күмән келтірмейді. 

БҚО бойынша МКД

Түсіндіру басқармасының бас маманы

Ғ. Тоғжанов