Date of publication: 03.06.2020 15:02
Date of changing: 03.06.2020 15:04

     Мемлекеттік кірістер комитеті 2019 жылдың басынан бастап ЕАЭО елдерімен шекарада тасымалданатын жүктерге мониторингті жүзеге асыруда.

     Алынған деректерді талдау негізінде тауарлар импорты кезінде салық төлеуден жалтарудың әртүрлі схемалары анықталды. Салықтық бақылау шараларын күшейту нәтижесінде өткен жылы импортталатын тауарлар бойынша ЕАЭО елдерінен жанама салықтар түсімдерінің өсу қарқыны 122% - ға дейін өскен.

     Тақырыптық тексерулердің нәтижелері бойынша тауарға ілеспе құжаттарда мәліметтерді дұрыс мәлімдемеудің, оларды жалған тұлғалар мен банкроттарға ресімдеудің 1 618 фактісі анықталды. 1,3 млрд. теңгеге ҚҚС бойынша 2,6 мың қосымша салық есептерін ұсыну қамтамасыз етілді, құнды төмендету фактілері бойынша 793 млн. теңгеге ҚҚС сомасы түзетілді.

     Осыған ұқсас мониторинг өнімді экспорттау кезінде салықтық міндеттемелердің толық орындалуына қатысты да жүргізіледі. Мысалға, Түркістан облысының екі кәсіпкері сатудан түскен салықтарды төлемей Ресей Федерациясына жалпы сомасы 1 млрд. теңге болатын тауарларды
2 914 жүк көлігімен экспорттаған. Сондай-ақ, ең төмен айналым мөлшерінен асып кетуіне байланысты, олар ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне міндетті түрде тұру бойынша міндеттемелерін орындамаған.

     Одан басқа, салық есептерінде еңбекақы төлеу қоры, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары көрсетілмеген, мүлік пен жер салығы төленбегенін ескерсек, бұл кәсіпкерлердің сенімсіздігін көрсетеді.

     Тиісті салықтар мен өзге де салық міндеттемелерін төлемей, ЕАЭО елдеріне тауарларды экспорттау фактілері бойынша Комитет ҚМК Экономикалық тергеу қызметімен бірлесіп, оларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

     Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды импорттық-экспорттық операциялар кезінде салық міндеттемелерін толық көлемде орындауға шақырады.

     Салық міндеттемелерін орындау тәртібін түсіндірудің барлық мәселелері бойынша «1414» бірыңғай нөмірі арқылы ҚР ҚМ МКК Байланыс орталығына жүгінуге кеңес береміз (сондай-ақ Сіздер мынадай сілтемелерді пайдалана аласыздар: https://www.kgd.gov.kz, https://www.facebook.com/kgd.gov.kz; https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd).

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі