
2019 жылға арналған жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны (230.00 нысаны) тапсыру мерзімі 2020 жылдың 1 маусымында аяқталады, себебі 31 мамыр демалыс күнге сәйкес келіп отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Декларацияны «Салық төлеушінің Кабинеті» web-қосымшасы немесе «СОНО» бағдарламалық қамтуы арқылы электронды түрде тапсыруға болады. «СОНО» бағдарламасын https://kgd.gov.kz/ru/section/sono сілтемесі бойынша Комитеттің сайтынан тегін жүктеп алуға болады.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысымен 2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылған. Бұл шешім індетінің таралуының алдын алу мақсатында қосымша шектеулерді, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды енгізу шеңберінде қабылданған болатын.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына «1414» бірыңғай нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Сондай-ақ, https://t.me/KGDMFRK1414 телеграмм арнасы және WhatsApp +7 776 136 41 32 нөмірі бойынша хабарласып, кеңес алуға болады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі