Date of publication: 06.05.2020 10:35
Date of changing: 06.05.2020 10:37

ҚР Үкіметінің 2020 ж. 20 сәуірдегі №224 Қаулысына сәйкес, жеке практикамен айналысатын тұлға (адвокат, ноториус, кәсіби медиатор, жеке сот орындаушы) міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 ж. 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын:

- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;

- дербес төлейтін жеке табыс салығының;

- әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленді.

Одан бөлек, 2020 ж. 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде жеке практикамен айналысатын тұлғалардың мүлік салығының мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленген.