
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысымен 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылға орнатылған түзету коэффициенті "0" ставкаларына төмендегі салықтар мен әлеуметтік төлемдердің ставкаларына «0» түзету коэффициенті белгіленді:
- төлем көзінен ұсталатын ЖТС;
- жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін ЖТС;
- дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдары.
Осы тармақтың ережелері мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:
- міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
- міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.
2020 жылдың 1 сәуірінен 2020 жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңде мүлік салығы ставкаларына "0" түзету коэффициенті белгіленген:
- әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалары үшін.
✈️ Әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденттері-салық төлеушілерге техникалық қызмет көрсету және әуе кемелері лизингінің мәмілелерін заңдық сүйемелдеу бойынша резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығын төлеу бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыру ұсынылды.
Бұл ретте есептелген қосылған құн салығының сомасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджетке төленген жағдайда аталған салық төлеушілер резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығының сомасын резидент еместен осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу салық салынатын айналым деп танылған салық кезеңінде есепке жатқызады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы
іс-шараларға тартылған қызметкерлердің үстемеақылары төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, жарналардың және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың объектілері болып табылмайды.
‼️ 2019 жылдың міндеттемелері бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімін 2020 жылдың 31 наурызынан 2020 жылдың 31 мамырына ауыстыру туралы шешім қабылданды, ол 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.