Date of publication: 17.04.2020 10:45
Date of changing: 17.04.2020 10:47

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс орталығының 24-19-32 телефонына өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде мемлекеттен 42 500 теңге әлеуметтік көмек алу үшін ЖК қызметін тоқтатқысы келетін салық төлеушілерден қоңыраулар келіп түсуде. Қызметті тоқтату үшін тарату есептілігін және қызметті тоқтату туралы өтінішті ұсыну қажет. Қызметті тоқтату туралы өтініш бойынша қызмет автоматтандырылмаған болғандықтан, Департамент және оның аумақтық органдары төтенше жағдай кезінде мұндай өтініштерді кеңсенің электрондық пошталары арқылы қабылдайды. Белгіленген үлгідегі бланк ҚР ҚМ МКК ресми ресурсында "Салықтық өтініштер" бөлімінде мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://kgd.gov.kz/kk/content/salyktyk-otinishter