Date of publication: 10.04.2020 16:30
Date of changing: 10.04.2020 16:30

Салық кодексіне сәйкес бірыңғай жиынтық төлем АЕК мөлшерлемесіне байланысты.

Бір айдағы БЖТ сомасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – АЕК-тің 1 еселенген мөлшерін және басқа елді мекендерде АЕК-тің 0,5 еселенген мөлшерін құрайды.

Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.