
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі-Департамент) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен ынтымақтастығы шеңберінде екі елдің өткізу пункттері арқылы өткізілетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасу жүзеге асырылатынын жеткізеді.
Алдын ала ақпарат сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың атауын, тауарлардың атауын, санын, салмағын және құнын қамтиды.
Бұл ақпаратты салық төлеушілердің жеке кабинетіне жіберуді жоспарланануда.
Қытай Халық Республикасымен мәліметтер алмасу кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруды, кеден шекарасы арқылы көлік құралдарының жедел өтуін, тауарларды декларациялаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Кеден заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында Департамент кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды уақтылы және толық көлемде декларациялауды және тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды, оның ішінде ҚХР экспорттық декларациясының деректерін салыстыру арқылы төлеуді ұсынады.
БҚО бойынша МКД кедендік әкімшілендіру басқармасы