
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тарифтерді реттеу басқармасының мамандары арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көлік құралдарын өңдеу тәртібі бойынша кеңестер өткізуді жалғастыруда.
Осы аптадағы жемісті жұмыстың нәтижесі Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктің алғашқы тіркеуі болды.
Облысымыздың тұрғыны Шаймарданов А.З. осы құқықты пайдаланып, Lada vesta маркалы көлігін тіркеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
БҚО бойынша МКД