
Барлық кедендік процестерде заманауи сандық технологияларды автоматтандыру және пайдалану тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезінде СЭҚ қатысушыларының уақытша шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, СЭҚ-ті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің СЭҚ қатысушыларымен байланысын жою арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
"АСТАНА-1" АЖ кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесі кезең-кезеңімен енгізілді.
Бүгінде импорт пен экспорт үшін шекарадан өту процедурасының барынша ашықтығы мен қолайлылығы сыртқы экономикалық қызметтің мыңдаған қатысушылары бағалады. Бұл ретте электронды декларациялаудың басты артықшылықтарының бірі шығындарды азайту және ең алдымен уақытты үнемдеу болды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден операцияларын жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кеден процестерін автоматтандырумен қатар, кеден органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне, "АСТАНА-1" АЖ жүйесін енгізуге, бизнес-қоғамдастықпен бірлескен іс-шараларды өткізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.
Осылайша, кеден органдары "Орал-ЦТО" кеден бекетіндегі үдерістің ашықтығы үшін кедендік тексеріп қарау туралы шешім қабылдаған кезде тұрақты негізде БҚО бойынша МКД ардагерлер кеңесінің және БҚО бойынша "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлескен кедендік тексеру жүргізіледі. Кедендік тексеріп қарау онлайн режимінде жұмыс процестеріне мониторинг жүргізу үшін кеден қызметінің орталық аппаратына бейнетүсірілім режимінде жүргізіледі, "УСҚ" тауарларды уақытша сақтау қоймаларында бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Сонымен қатар, кеден қызметінің жағымды имиджін қалыптастыру үшін халықтың қызметкерлерге және жалпы қызметке деген сенімін арттыру шаралары қабылдануда, мысалы, СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстелдер мен кездесулер сияқты іс-шаралар жүргізіледі.