Date of publication: 10.03.2015 17:03
Date of changing: 23.04.2015 15:40

Қазақстанның барлық аумағында дерлік  электронық лотерея атын жамылған құмар ойындарымен айналысу фактілері  кездеседі. Батыс Қазақстан облысында да базарларда, сауда үйлерінде және басқа орындарда жасыл-сары түсті «Лоторея» деген жауы бар аппараттар орнату фактілері анықталды.

Аталмыш аппараттар арқылы ақшаға құмар ойындарын ойнау көбейіп барады. Әсіресе мектеп жасындағы балалардың осы ойынға еліктеуі үрелендірмей қоймайды.

Бұл  аппараттық-бағдарламалық кешеннің сыртқы пішіні мен құрылысы жөнінен үйреншікті ойын аппараттарынан өзгешеліктері бар.Дегенмен екеуінің де  мақсаты құмар ойындары қызметін көрсету болып табылады. Құрылғының ақша қабылдау мен ақшалай ұтысты беру  функциясы бар. Сөйте тұра, лотерея билеттері немесе фискалды чек берілмейді.

Осыдан бірнеше күн бұрын базарларда, дүкендерде,сауда үйлерінде Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері мен Орал қалалық прокуратурасы және Ішкі істер департаментімен бірлескен рейд ұйымдастырылған болатын.Нәтижесінде жоғарыда аталған құрылғылар тәркіленді. 20 сауда нүктелерінен 42 ойын аппараты тәркіленді.қозғалған қылмыстық істер бойнша тергеу амалдары жүргізілуде, жақын арада заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырушылардың бұл әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

Осы туралы және басқа да жоспарланған іс-шаралар туралы департамент басшысының орынбасары Ж.Ммекебаев облыстық газеттер мен телеканалдар журналистеріне берген  сұхбатында айтып өтті.

Брифинг ұйымдастырушылар қаланың тұрғындарына осы тектес аппараттардың орнатылған жерлері, олардың кетірген зияндары туралы мәліметтері болған жағдайда хабарлауды өтінді.

                                 БҚО бойынша МКД баспасөз қызметі