Date of publication: 23.12.2019 19:38
Date of changing: 23.12.2019 19:41

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  келесі хабарламаны хабарлайды, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке пайдалану  үшін тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы  тауарларды өткізу нормалары төмендейді.

2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жөнелтілетін, сондай- ақ кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарлар нормаларының төмендеуі көзделгенін еске саламыз. Осы нормалар 200 еуро және 31 кг құрайтын болады. Бұл ретте, бір жеке тұлғаның мекенжайына тауарлардың өткізу жиілігі (күнтізбелік 1 айдың ішінде) есепке алынбайды.

Осыған байланысты, жеке пайдалану  үшін тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу нормаларынан асқан жағдайда, біріңғай ставкаға сәйкес оның кедендік құнының - 15 пайызы мөлшерінде, бірақ 1 килограмм салмаққа 2 евродан кем болмауы керек, кедендік бажын төлеу жүргізіледі.

 

                                                                                  БҚО бойынша МКД КӘБ