
Бүгін 28 қарашада Оралда салық төлеушілермен заңнамадағы өзгерістерді талқылау бойынша семинар болып өтті.
Семинар жұмысына Орал қаласы бойынша МКБ басшысы Ж. Кунчаев, Орал қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары А. Отаров, "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Э. Утешева қатысты
Сондай-ақ бизнес-қауымдастықтың өкілдері, сыртқы – экономикалық қызметке қатысушылар, кеңесшілер, ұйымдардың бухгалтерлері - барлығы 300-ден астам салық төлеушілер қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік кірістер басқармасының спикерлері келесі тақырыптар туралы айтып берді: БКМ (БКМ-онлайн) бойынша жоспарланған өзгерістер, салықтар бойынша өзгерістер, 2020 жылдан бастап ЭШФ бойынша өзгерістер, салық кодексінде жеке тұлғаларға қатысты жоспарланған өзгерістер.
Бір айдан кейін Қазақстанда салық заңнамасына белгілі бір өзгерістер күшіне енеді.
Жаңа енгізулерге сәйкес, патент бойынша режимді қолдану құқығы бизнестің тек 32 санатын ғана сақтайды. Олардың басым бөлігі сауда, қызмет көрсету, білім беру салаларымен және тіпті үй жануарларын жаюымен байланысты. Қалған бизнесмендерге жаңа салық режимдеріне көшу мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарлануда (оның ішінде БКМ-онлайн, оларды қолдану 2020 жылдан бастап міндетті).
Салық есептілігін оңтайландыру мақсатында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны (320.00-НС) ұсынуды алып тастау жоспарлануда.
Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне «кейінге шегеріледі» деп жоспарлануда. Яғни, егер 2020 жылға арналған түзету қабылданса, көлік салығы 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төленеді. Қолданыст ағы ережелерге сәйкес көлік салығы ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін төленеді.
Әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері 2020 жылдан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлемейді. Жұмыс беруші мұндай адамдар үшін МӘМС аударымдар төлемейді.
Бұдан басқа, семинар барысында БҚО-дағы салықтық рақымшылық жасау қорытындылары, салық берешегін өндіріп алу, камералдық, экспорттық бақылау және өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша жұмыстармен байланысты аспектілер талқыланды.
Сондай-ақ салық төлеушілерге салық салу саласындағы мамандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулер қарауға қабылданды.