Date of publication: 18.11.2019 10:35
Date of changing: 18.11.2019 10:35

15 қараша Қазақстан тарихында ерекше күн. 26 жыл бұрын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Жарлығымен теңге айналымға енгізілді. Содан бері бүгінгі күні Ұлттық валютаның туған күні болып саналады.

Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты шара Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында өтті. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қаржыгерлерді мерекемен құттықтап, қаржы саласының барлық қызметкерлеріне шын жүректен тілектестігін білдірді.

Іс-шараға БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, БҚО бойынша Қазынашылық департаментінің, БҚО бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, БҚО бойынша Мемлекеттік аудит департаментінің, БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің, БҚО бойынша Тексеру комиссиясының ұжымдары қатысты.

Бүгінгі күні Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендіктің символы, жаңа тарих пен Қазақстан болашағының толық бөлігі болып табылады.

Бұл мереке ұлттық валютаның тууының бастауында тұрған адамдардың еңбегін еске алуға және еліміздің қаржы жүйесінің қазіргі қызметкерлерінің лайықты еңбегін атап өтуге мүмкіндік береді.

Мерекелік кеште Батыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен қаржы-экономикалық жүйесінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген және жұмыс істейтіндерге алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.