
Семинар жұмысына ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Ж. Инкербаев, ҚР ҚМ МКК аудит департаменті берешекпен жұмыс басқармасының бас сарапшысы А. Садикбаева, ҚР ҚМ МКК салық әдіснамасы департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының бас сарапшысы Д. Бисеналиев, ҚР ҚМ МКК жедел бақылау департаменті экспорттық бақылау басқармасының өкілдері Қ. Исмағұлов және ҚР ҚМ МКК қашықтықтан мониторинг басқармасының өкілдері А. Сүлейменов, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бойынша МКД басшылары мен мамандары қатысуда.
Сонымен қатар, семинарда Атырау, Ақтөбе, Орал және Ақтау - Батыс аймағының ірі салық төлеушілер мен СЭҚ қатысушылары қатысуда.
Семинар барысында Қазақстандағы салықтық рақымшылық қорытындылары, салық берешегін өндіріп алу, камералдық, экспорттық бақылау және өндірістік емес төлемдер бойынша жұмыстармен байланысты аспектілер талқылануда.
Сонымен қатар, батыс аймағының салық төлеушілеріне салық салу саласындағы мамандарға сұрақтар қою мүмкіндігі ұсынылды. Сондай ақ, семинарға қатысушылар тарапынан түскен ұсыныстар мен ескертулерді қарастыруға қарар қабылданды.