Date of publication: 04.11.2019 15:38
Date of changing: 04.11.2019 15:40

     Сөз сөйлеуде айтылған тақырыптардың бірі салықтық рақымшылық болды. Елімізде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылық, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізіледі.
Жеке тұлғаларға рақымшылық жасау аясында негізгі қарызды жалпы сомасы 73,5 млн.теңгеге өтеген 3 973 салық төлеушіге қатысты 24 млн. теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды.

ШОБ субъектілері үшін рақымшылық жасау шеңберінде 1,7 млрд. теңгеден 3,2 млрд.теңге сомасында негізгі қарызды төлеу шартымен рақымшылық жасауға жататын 1901 субъектіден 968 салық төлеушіге қатысты 139 млн. теңге сомасына өсімпұлдар, айыппұлдар есептен шығарылды (оның ішінде 365 млн. теңге төленді).

Сондай-ақ, Тимур Нұржанұлы 2020 жылдан бастап қолма-қол ақша айналымымен айналысатын барлық кәсіпкерлер онлайн-БКМ қолдануға міндетті екендігін айтты. Онлайн-БКМ интернетке қосылады және ФДО ақша операциялары туралы мәліметтерді береді.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлік үшін бөлшек сауда саласынан ағымдағы жылы патент негізінде арнайы салық режимін қолдану аяқталады, ол жеңілдетілген декларация негізінде және тіркелген шегерімдерді қолдана отырып, арнайы салық режимімен, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген режиммен ауыстырылады. 2020 жылдан бастап кәсіпкерлер патентті тек 32 қызмет түрі бойынша қолдана алады.

Сөз соңында Тимур Төлепов "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" акциясы туралы айтып берді. 21 тамыздан 30 қарашаға дейін әрекет етеді. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін балансқа ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлде – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады