Date of publication: 31.10.2019 19:21
Date of changing: 31.10.2019 19:24

    

Орал қаласы бойынша МКБ қызмет көрсету орталығының аумағында жалпы республикалық бірыңғай Ашық есік күні аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылғы 28 қазанда сағат 10.00-ден техникалық қызмет көрсету орталықтары өкілдерінің қатысуымен Онлайн БКМ жәрмеңкесін өткізуде.

2020 жылдан бастап ақша айналымымен айналысатын барлық кәсіпкерлер онлайн-БКМ қолдануға міндетті.

Онлайн-БКМ интернетке қосылады және ФДО-ға ақша операциялары туралы мәліметтерді береді.

 

 

     Белгілі болғандай, Онлайн-БКМ екі үлкен санатқа бөлінеді:
1. Аппараттық. Бұл карталарды қабылдап, чектерді басып шығара алатын дербес құрылғылар. Мұндай БКМ батареядан немесе тұрақты қуат көзінен дербес жұмыс істей алады.
2. Бағдарламалық. Бұл сіз бағдарламаны сатып алып, оны кез келген құрылғыға орната алатын жағдай: ноутбук, планшет немесе смартфон.

Салық төлеушілерге олардың бизнесі үшін қолайлы кассалық шешімдер туралы білуге, заманауи кассалық аппарат сатып алуға және оларды пайдалану бойынша кеңес алуға мүмкіндік берілді.