
Бүгін БҚО бойынша МКД қызметкерлері Галиуллин Жоламан және Орал қаласы бойынша МКБ қызметкерлері Сәлімов Зұлқарнай "Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттеріне "Чек талап ет – жүлдені ұтып ал!" акциясы туралы айтып берді.
Белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу және бақылау-кассалық машиналарды қолданудың әлеуметтік маңыздылығы туралы қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында Студенттер сарайында 150-ден астам студентке салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуға және акцияның арқасында бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік берілді.
Акция "Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!" 21 тамыздан 30 қарашаға дейін әрекет етеді.
Ол Apple App store және Google Play market тегін жуктеп алуға болатын "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін балансқа ұтып алуға мүмкіндігі бар. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлде – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.
Сол мобильді қосымшаның көмегімен дүкенде чек берілмеген жағдайда шағым жіберуге болады. Мәселен, "Азаматтық бақылау" пилоттық жобасы аясында бақылау-кассалық машиналардың фискалдық чектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша 100 жеке тұлғаға 1 000 теңге көлемінде сыйақы төленді (ұялы телефон балансы толықтырылды).
"Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясының финалы жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы сыйлықтар, соның ішінде автокөлік беріледі. Басты жүлде жеңімпазы чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады.
Осылайша, чектер көп жіберілген сайын, соғұрлым қатысушының автокөлікті ұтып алу мүмкіндігі көп.