
Бүгін Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде БҚО бойынша МКД өкілінің студенттермен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Мадиева Айна "Чек талап ет – жүлдені ұтып ал" акциясы, оның мақсаты мен оған қатысу шарттары туралы айтып, интерактивті тақтада бейне ролик көрсетілді.
Нұсқаулықпен танысқаннан кейін студенттер акцияға қатысып, "Сәттілік дөңгелегін" айналдырып, сәттілікке қол жеткізуді тырысты.
Акцияның қатысушысы болу үшін "Wipon" мобильді қосымшасын жүктеп, БКМ чегін онлайн жіберу жеткілікті. Осыдан кейін "Сәттілік дөңгелегіне" кіру ашылады.
Көптеген студенттер акцияға қызығушылық танытып, күн сайын қатысуға және жүлделерді ұтып алуға мүмкіндік бар екенін біле осы ерекше рулеткаға құмарлықпен ойнады.
Науқанның әр қатысушысы 5000 теңгеге дейін теңгерімге қаражат ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды.
Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлде - автомобильдің ұтыс ойынына қатысады. Акция 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасады.