Date of publication: 10.10.2019 15:41
Date of changing: 10.10.2019 15:42

Кеден органдары қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында кедендік тексеріп қарау процесінің жариялылығы көзделеді.

Осыған байланысты "Орал-КРО" кеден бекетінде апта сайын БҚО бойынша "Атамекен" ҰКП Кәсіпкерлер Палатасының өкілдерімен бірлескен кедендік тексеріп қарау жүргізіледі.

Мұндай тәсіл ашықтықты қамтамасыз етеді, кеден органдары мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасындағы өзара сенім мен сыйластық ахуалын құрады.

2019 жылдың наурыз айынан бастап БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 14 бірлескен тексеріп қарау жүргізді.

Бақылау және ресімдеу уақытын қысқарту, сондай-ақ тексеріп қараудың іріктелуі жағдайында кеден қызметінің құқық қорғау құрамының рөлі айтарлықтай шамада күшейе түсті.

Жүргізілген кедендік тексеріп қарау барысында жылдық кіріс органдары дұрыс емес декларациялаумен, құжаттарды дұрыс толтырмаумен байланысты бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Кедендік тексеріп қарау қорытындысы бойынша жыл басынан бері 54 бұзушылық анықталды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша салынған айыппұл сомасы 1,3 млн.теңгені құрады.

 

БҚО бойынша МКД