Date of publication: 22.02.2016 13:30
Date of changing: 22.02.2016 13:31

Ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің жедел қызметі Мемлекеттік кірістер комитеті Ішкі қауіпсіздік басқармасының 2015 жылға арналған ұйымдастыру-тәжірибелік және жедел қызмет іс-шаралары Жоспарына, хаттамалық тапсырмалары мен нұсқауларына сәйкес, құрылған.

ІҚБ БҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, 2015 жыл басынан Департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты бірқатар жедел тергеу шараларын жүргізген болатын. Нәтижесінде Департаменттің 4 қызметкері (оның ішінде біреуі – бұрынғы қаржы полициясы органдарының қызметкері) әртүрлі мерзімде айыбын өтеуге (соның ішінде айыппұл төлеуге) тартылған.

Мұнымен қатар, Ішкі қауіпсіздік басқармасы ағымдағы жыл бойына 40 қызметтік тергеу ісін жүргізді. Өткізілген шаралар қорытындысы мынадай: теріс дәлелдер бойынша бір қызметкер жұмыстан шығарылып, 26 қызметкер әртүрлі жазаларға тартылған, олардың біріне 1-К формасындағы сыбайлас жемқорлық карточкасы қойылған.

Атқарылған жедел-іздестіру шараларымен қатар, Басқарма Департамент қызметкер/жұмысшылары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруда.

Қорыта айтсақ, 2015 жыл бойынша ІҚБ 28 алдан алу шараларын, 15 дөңгелек үстел мен семинар, аудандық МКБ-ға 5 шығу семинарын, 5 аймақтық отырыс өткізіп, «Қазақстан-Орал» телеарнасындағы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты ток-шоу бағдарламасына қатысты.

 

БҚО бойынша МКД ІҚБ