
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2019 жылдың 2 қыркүйектегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу кейбір мәселелерін талқылау бойынша жұмыс бабындағы кеңес өтті.
Кеңеске БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Самет Н.И., ҚР мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет істері бақылау саласындағы басқармасының басшысы Мұратов Ж.М. қатысты.
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Кувандыков Мақсат қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. Өз сөзінде Мақсат Қапашұлы жұмыс процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу қажеттігін атап өтті.
ҚР мемлекеттік қызмет бойынша агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет істері бақылау саласындағы басқармасының басшысы Мұратов Ж.М. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің талаптарын қатаң сақтауға назар аударды.
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Самет Н.И. «Сырым» өткізу пунктінде қоғамдық бірлестіктермен бірлескен көшпелі тексерулердің нәтижелерімен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің пайда болдыратын кемшіліктер туралы кеңеске қатысушылардың назарына жеткізді.
БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау басқармасының басшысы Гайнешев Е.Б. экспорттық бақылау шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, оның ішінде өткізу пункттерінде жүк машиналарының жиналауын азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы және өтетін жүк АКҚ электрондық тіркеу жүйесін шекарада пилоттық режимде енгізу және басқа да жаңалықтар туралы айтты.
Соңында, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысының басқарма басшысы Қуанова А.К. сөзінде қатысушыларға заңнамадағы өзгерістер туралы, сондай-ақ мемлекет басшысының жолдауында айтылған бастамалары туралы, микро және шағын бизнес бойынша салықтық преференцияларды субъектілеріне ұсыну мәселелері туралы айтты.