Date of publication: 19.09.2019 12:26
Date of changing: 19.09.2019 12:28

Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (ҮКИЖ) :
* онлайн-БКМ,
* pos-терминал,
* штрих код сканерін қолдану арқылы тауарларды есепке алу модулі •

Мұндай конфигурациядағы жүйе тек тауарлардың сатылуын ғана емес, сонымен қатар тауарлардың қоймаға түсуін де қадағалауға және тиісінше, тек қоймада бар тауарлардың шығу транзакциясын байланыстыруға мүмкіндік береді.

ҮКИЖ жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын және есебін жүргізуді жеңілдетеді. 2019 жылы онлайн-БКМ алған патент немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін немесе 2019 жылдан 2021 жж. сатып алынған не сатып алынатын ҮКИЖ-ді пайдаланатын жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын (ЖТС) 60 000 теңгеге азайтуға құқылы. Алайда, бұл салықтың есептелген сомасынан 50%-дан артық болмауы тиіс. (СК 686,687-баптардың 2-1 т).

ҮКИЖ және оңайлатылған декларацияны қолданудың артықшылықтары неде?

Бірінші, салық кезеңіндегі, яғни жарты жылдық кіріс 60,7 млн. теңгеден 237,6 млн. теңгеге дейін өсті.
Екінші, ҚҚС шегі 30 000 АЕК-тен 144 184 АЕК-ке дейін, яғни 75,7 млн.теңгеден 364,1 млн. теңгеге дейін өсті.
Бұл ұлғаю ҮКИЖ пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айналымдарға ғана қолданылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 953 бұйрығымен "Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану қағидалары" бекітілді.