
Құрметті салық төлеушілер, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардан 2018 жылғы жер салығы мен мүлік салығын 2019 жылдың 1 қазанда төлеу мерзімінің аяқталатынын еске салады.
Салық төлеушілерді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында салықтарды төлеу бойынша орындалмаған салық міндеттемелерінің бар екендігі туралы хабардар ету мақсатында www.kgd.gov.kz "Электрондық үкімет" порталында "салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер" электрондық сервисі іске асырылды, ол онлайн-режимде салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Орал қаласының тұрғындары салық сомасын 8 705 513 99 96 телефоны арқылы біле алады.