
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "Декларацияланатын тауарларға қатысты Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растау және өнім қауіпсіздігі саласындағы проблемалық мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырысқа Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаментінің, "Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы" АҚ өкілдері, кеден өкілдері және сыртқы - экономикалық қызметке қатысушылар қатысты.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің орынбасары Мақсат Кувандықов кіріспе сөз сөйледі.
Талқылау барысында Кеден одағы шеңберінде міндетті бағалауға (сәйкестікті растауға) жататын тауарларға рұқсат беру құжаттарын ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Дөңгелек үстел" қатысушыларымен ашық диалог барысында СЭҚ қатысушыларының туындаған сұрақтарына толық жауаптар берілді.