Date of publication: 09.09.2019 16:37
Date of changing: 09.09.2019 18:12

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша, БҚО-да 1 901 орта және шағын бизнес субъектілері рақымшылық жасауға жатады. Есептен шығаруға жататын өсімпұлдардың жалпы сомасы 1 554,3 млн.теңгені, айыппұлдар – 175,0 млн.теңгені құрайды, олар 3 244,5 млн. теңге мөлшерінде негізгі борыш төленген жағдайда есептен шығарылады.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының бұйрығымен шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық жасауға жататын тұлғалар тобы кеңейтілді және 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 "Дербес шоттарды жүргізу Ережелерін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар енгізілді.

Осылайша, осы өзгерістерге сәйкес ШОБ рақымшылық жасауға келесі тұлғалар кіреді:

- салықтық тексеру нәтижелері бойынша салық сомасы есептелген салық төлеушілер, төлеу мерзімі 2018 жылдың 1 қазанына дейін.

- 2018 жылғы 1 қазанға дейін төлеу мерзімі бар қосымша декларация ұсынған салық төлеушілер және 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өсімақы төленбеген.

         Осылайша, салық төлеуші ағымдағы жылдың соңына дейін 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу мерзімімен салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген салықтардың сомасын төлеген және 2018 жылдың 1 қазанына дейін төлеу мерзімімен салық есептілігінің қосымша нысандарын тапсырған жағдайда, мұндай салық төлеушілер да салықтық амнистияны пайдалануға құқылы.

04.09.2019 жылғы жағдай бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті негізгі қарызды 318,1 млн. теңгеге өтеген 926 салық төлеушіге қатысты жалпы сомасы 129,3 млн. теңгеге өсімпұл есептен шығарды

Оның ішінде оңалтудағы екі салық төлеушіге қатысты, негізгі борыштың жалпы сомасын 22,6 млн.теңгеге мерзімінен бұрын өтеуге байланысты өсімақы сомасын есептен шығару туралы өтініш бергеннен кейін, Мемлекеттік кіріс органдары 16,5 млн. теңге өсімнің жалпы сомасын есептен шығарды.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар (жер асты суларын, емдік балшықты өндіру құқығына ие болғандықтан ғана осындай болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда), акцизделетін өнім өндірушілер мен жеке тұлғалар рақымшылық жасалмайды. 

Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік кіріс органдарына жүгінудің қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеу бойынша кейінге қалдыру/бөліп төлеу алған немесе оңалту рәсімінде тұрған салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушінің өтінішінсіз жүргізілетін болады.

         Салық рақымшылық жасауға қатысты барлық мәселелер бойынша 24-33-15 телефоны бойынша БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне, сондай-ақ тікелей тіркелген жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.

БҚО бойынша МКД