Date of publication: 08.08.2019 10:46
Date of changing: 08.08.2019 10:47

"Бірге" жалпыұлттық науқаны және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау алды платформасы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-қимыл жоспарының ақпараттандырылуын қамтамасыз ету мақсатында, 06.08.2019 жылы облыстық департаменттің қызметкерлері "Атамекен" ҰКП алаңында бизнес-қауымдастық өкілдері мен СЭҚ қатысушыларына салық және кеден заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Спикерлер ретінде мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы О. В. Нигметуллина, бас маман М. Т. Узаков, түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Ж. Е. Галиуллин және экспорттық бақылау басқармасының бас маманы Д. Х. Жұмабекова сөз сөйледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Оксана Нигметуллина өз сөзінде деректерді онлайн бере отырып, бақылау-кассалық машиналарды қолданудың негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын, электрондық сауда кезінде жеңілдіктер алуды атап өтті.

Одан әрі, түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Галиуллин Жоламан қатысушыларға шағын және орта бизнес субъектілері үшін, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізудің негізгі мәселелерін жеткізді.
Осы семинарды өткізу барысында Ж. Галиуллин 2020 жылға арналған патент негізіндегі АСР бойынша өзгерістер, бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылықтары, букмекерлік кеңселердің міндеттемелері және 2019 – 2020 жылдар аралығындағы салық заңнамасындағы басқа да өзгерістер туралы да мәселелерді баяндады.
Бұдан басқа, салық төлеушілер мен семинарға қатысушылар экспорттық бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы Динара Жұмабековаға жанама салықтарды төлеу тәртібін реттейтін нормалар бойынша, салық есептілігін ұсыну және ҚР Салық кодексінің ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы, тауарлардың таңбалануы мен қадағалануы бойынша сұрақтар қою мүмкіндігін пайдаланды.

Семинар барысында спикерлер салық төлеушілердің залдан түскен сұрақтарға толық жауап берді.
Жалпы семинар салық төлеушілердің түсінуі үшін қолжетімді және достық сындарлы түрде өтті.

БҚО бойынша МКД